20.02.2026

Колледж туралы

 

Колледж миссиясы — «Жаңа дәуірдің жаңаша ойлайтын ұрпағына саналы тәрбие, өңірлік еңбек нарығына бәсекеге қабілетті кәсіби білім беру және адам потенциалын дамытуда жаңа идеяларды, инновациялық технологияларды білім саласына ендіру арқылы жоғары кәсіби білікті мамандар даярлау».

 

Колледж әкімшілік құрамы

 

р/с Қызметкердің

 аты-жөні

Лауазымы Бітірген оқу орны, мамандығы Осы лауазымдағы өтілі Тағайындалған уақыты, бұйрық берген мекеме атауы
1 Шаменова Балхаш Моралиевна Директордың оқу-өндірістік жұмыстар жөніндегі орынбасары Алматы жеңіл өнеркәсіп технологиялық-институты Жамбыл филиалы 18 жыл 01.09.2005 жыл

№3 кәсіптік мектеп

2 Тоқтаров Нұрсұлтан Болатұлы Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары 1.Қорқыт Ата атындағы ҚМУ.2014жыл

2.Қорқыт Ата атындағы ҚМУ,2020жыл

1 жыл 20.08.2015

Облыстық білім бөлімі

3 Арапбайұлы Арман Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 1 жыл 20.09.2023

Облыстық білім бөлімі

4 Уақбаева Нұргул Бас есепші
5 Есжанов Сапар Кадр меңгерушісі

 

 

Колледж жөнінде жалпы ақпарат

«Жалағаш индустриалды-аграрлық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын 1959 жылы облыс бойынша агроөнеркәсіп кешеніне ауылшаруашылық мамандарын дайындауға №150 кәсіптік техникалық училище болып құрылған. 1984 жылы №15 кәсіптік-техникалық училище,1998 жылы №3 кәсіптік лицей, 2012 жылы Жалағаш индустриалды-аграрлық колледжі мемлекеттік мекеме атауын алды.

Қызылорда облысының әкімдігінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы «Кейбір мемлекеттік білім беру мекемелерін қайта атау туралы»  №435 қаулысына сәйкес «Жалағаш индустриалды-аграрлық колледжі» мемлекеттік мекемесі «Жалағаш индустриалды-аграрлық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын болып мемлекеттік тіркеуден өтті.

Қызылорда облысының әкімдігі Қызылорда облысы білім беру басқармасының «Жалағаш индустриалды-аграрлық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық мекемесі өз қызметін Жалағаш ауданы «Әділет басқармасы» ММ 2014 жылғы 25 ақпанның қаулысымен бекітілген жарғы негізінде жүзеге асырылады. «Жалағаш индустриалды-аграрлық колледжі» КМҚК заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама: бизнес-сәйкестендіру нөмірі 941240001260,тіркеу нөмері  №281-1933-05-КГКП 2014 жыл 2 ақпан Қызылорда облысы  Әділет департаментінің Жалағаш аудандық Әділет басқармасы.

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен 2014 жылы 16 сәуірде №KZ32LAA00002050 лицензиясы берілген. Білім беру қызметімен айналысу үшін лицензияға қосымша 2021 жылғы 16 сәуір.

07161700 — Ауыл шаруашылығы техникасын пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу

3W07161701 – Механикаландырылған фермалар мен мал өсіру кешенінің операторы

07161600 — Ауыл шаруашылығын механикаландыру

3W07161601 Жөндеуші-слесарь

3W07161602 — Ауыл шаруашылығы техникасын жөндеу шебері

3W07161603 — Ауыл шаруашылығы өндірісінің тракторист-машинисі

07320100 — Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану

3W07320101 – Шатыр жұмыстарының шебері

3W07320102 – Ағаш ұстасы және паркет жұмыстарының шебері

3W07320103 – Құрғақ құрылыс шебері

3W07320104 – Кең бейінді құрылыс жұмыстарының шебері

3W07320105 – Құрылыс-әрлеу жұмыстарының шебері

4S07320106 – Техник-құрылысшы

07150500 – Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша)

3W07150501 – Электргазымен дәнекерлеуші

4S07150502 – Техник-механик

04110100 – Есеп және аудит

3W04110101 – Бухгалтер-кассир

08110300 – Жеміс-көкөніс шаруашылығы

3W08110304 – Жеміс өсіруші

08110500 – Зоотехния

3W08110502 – Мал шаруашылығы шебері

04140100 – Маркетинг (салалар бойынша)

3W04140101 – Сатушы

10130300 – Тамақтандыруды ұйымдастыру

3W10130301 – Кондитер-безендіруші

3W10130302 – Аспазшы

4S10130303 – Технолог

10130200 – Тамақтану саласында қызмет көрсетуді ұйымдастыру

3W10130201 – Даяшы

3W10130202 – Бармен-бариста

07130100 – Электр жабдықтары (түрлері және салалары бойынша)

3W07130101 – Электромонтер (түрлері және салалары бойынша)

3W07130102 – Электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі электр слесарі (түрлері және салалары бойынша)

4S07130103 – Техник-электрик

07130200 – Электрмен қамтамасыз ету (салалар бойынша)

3W07130201 – Электр монтаждаушы (салалар бойынша)

 

Колледждің 2021-2026 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары төмендегі қызмет түрлерін жүзеге асыруға бағытталған:

  1. Мамандарды сапалы даярлау
  2. Әлеуметтік серіктестікті дамыту
  3. Сапалы деңгейді арттыру және кадрлық әлеуетті дамыту
  4. Колледж білім алушыларының жеке тұлға болып қалыптасуына жағдай жасау, оларды елдің әлеуметтік-экономикалық даму процестеріне тарту
  5. Кәсіптік бағдар беру жұмысы.

Әрбір стратегиялық бағыт бойынша қол жеткізудің мақсаты, жолдары, құралдары мен әдістері (міндеттері), тікелей нәтижелер көрсеткіштері, тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар, стратегиялық жоспарды іске асырудан күтілетін соңғы нәтижелер айқындалды.

Жалпы, колледждің 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары білім беру үдерісінің барлық кезеңдерінде жұмыс берушілермен тығыз қарым-қатынас жасауға бағытталған және колледж қызметінің миссиясына, мақсаттары мен міндеттеріне толық қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Колледж миссиясы — «Жаңа дәуірдің жаңаша ойлайтын ұрпағына саналы тәрбие, өңірлік еңбек нарығына бәсекеге қабілетті кәсіби білім беру және адам потенциалын дамытуда жаңа идеяларды, инновациялық технологияларды білім саласына ендіру арқылы жоғары кәсіби білікті мамандар даярлау».

Колледждің оқу-материалдық базасы бар. 8 Арнайы пәндер кабинеті, 12 жалпы білім беретін пәндер кабинеті, 5 зертхана, 2 оқу шеберханасы, 1 полигонмен  спорт алаңымен жабдықталды. Оқу үрдісінде 41 компьютер және 3 интерактивті тақта, 4 видео-проектор қолданылады. Колледждің материалдық-техникалық базасы санитарлық-гигиеналық нормалар мен өртке қарсы қауіпсіздік талаптарына сәйкес келеді. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы бойынша нормалар мен талаптар колледждің ұжымы мен білім алушыларының назарына қол қойғызып жеткізілді.

Бүгінгі таңда, қойылған мақсаттарға жету үшін колледждің оқу процесі толығымен еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілген. 2021-2022 оқу жылында ИПҚ сапалық құрамы төмендегідей:

Барлығы ИПҚ- 51 адам, оның ішінде оқытушылар-33 адам, өндірістік оқыту шебері- 18 адам. ИПҚ жалпы құрамынан:

  • Магистр –4;
  • Жоғары санат – 7;
  • Педагог-зерттеуші – 1;
  • I санат – 6;
  • Педагог-сарапшы – 2;
  • II санат –14;
  • Педагог-модератор – 1;
  • Санаты жоқ –16;

 

 

«Жалағаш индустриалды-аграрлық колледжі» КМҚК білім беру қызметі  төменде көрсетілген талдау кезеңінің  шеңберінде жүзеге асырылады:

  1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысымен бекітілген техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары;

1.2. «Тиісті үлгідегі білім және ғылым министірлігінің бекіткен 2018 жылғы 30 қазандағы №595 бұйрығы, 2019 жылғы 09 қаңтардағы өзгерістер енгізілумен  (3 қосымша) (бұдан әрі — Үлгілік қағидалар).

  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты.

Оқу жұмыс жоспарлары ҚРБжҒ министрінің 2015 жылғы 15 маусымдағы №384, ҚРБжҒ министрінің 2017 жылғы 31 қазандағы №553 бұйрығына сәйкес жұмыс берушілер кәсіпкерлік палатасы келісім арқылы құрастырылды.

Мамандарды даярлау күндізгі оқыту формасы бойынша жүзеге асырылады.

Барлық білім беру бағдарламалары колледж бейініне, нақты белгіленген мақсаттарға, тұтынушылардың сұранысы мен миссияға сәйкес келеді.

Білім беру бағдарламасын іске асыруға арналған құжаттар: оқу жұмыс жоспарын, оқу процесінің кестесін, сабақ кестесін, оқу жұмыс бағдарламаларын, күнтізбелік-тақырыптық жоспарлауды, пәннің оқу-әдістемелік кешендерін қамтиды.

Кәсіби дағдыларды қалыптастыруда басты рөлді кәсіптік практика атқарады, ол тұрақты кәсіби дағдыларды қалыптастыру және базалық (жоғары) біліктілік деңгейін алу үшін оқу процесінің кестесі бойынша  (1-3) курстарда үздіксіз циклмен жүзеге асырылады.

Өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканың (танысу, оқу,технологиялық, өндірістік, диплом алдындағы) мазмұны ТжКБ мемлекеттік стандартында көрсетілген біліктілік көлемі мен деңгейлеріне сәйкес келеді. Кәсіптік практиканың түрлері, мерзімдері, көлемі мен мазмұны үлгілік және оқу жұмыс жоспарларымен және бағдарламалармен айқындалады. Өндірістік оқыту шеберлері практикалардың барлық түрлерін өтуге арналған жұмыс оқу бағдарламаларын әзірлейді, олар ХКО мәжілістерінде қаралады, басшының ОӨК жөніндегі орынбасарымен келісіледі. ОЖЖ-ны сырттай келісу жұмыс берушілермен жүргізіледі.

 

Педагогикалық қызметкерлер және оқытудың тиімділігі

ҚБ ҚР заңнамасына сәйкес білім беру бағдарламасын іске асыру үшін тиісті біліктілігі мен кәсіби тәжірибесі бар педагогикалық персоналдың жеткілікті санын қамтамасыз етеді.

Колледждің педагогикалық штаты мамандықтардың бекітілген жұмыс оқу жоспарлары (бұдан әрі-ОЖЖ) және оқытушылар құрамының оқу жүктемесін жоспарлау тәртібіне қойылатын талаптар негізінде есептелген нормативтік оқу жүктемесіне қарай анықталады. Азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесі «Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлеріне жалақына есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің  2007 жылғы 29 желтоқсандағы №40 қаулысымен (бұдан әрі – қаулы) реттеледі. Педагог қызметкерлерге оқу жүктемесінің көлемі жұмыс оқу жоспары бойынша сағаттар санына, топтар санына, білім алушылар контингентіне, кадрлармен қамтамасыз етілуіне және басқа да нақты жағдайларға қарай белгіленеді. Жүктемені бөлу кезінде базалық білімнің оқылатын модульдер мен пәндерге сәйкестігі ескеріледі. Жүктемені алдын ала бөлу алдымен ЦӘК отырысы шеңберінде жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 52-бабының 7-тармағы 1-тармақшасына сәйкес оқытушының нормативтік оқу жүктемесі бір штатқа 720 сағатты құрайды, сағаттардың ең жоғары көлемі 1080 сағаттан (1,5 штаттан) аспайды. Педагогикалық жүктеме көлеміне мыналар кіреді: аудиториялық сабақтар, емтихандар өткізу, курстық және дипломдық жұмыстарға, оқу және өндірістік практикаға басшылық ету, оқытудың барлық түрлерінің білім алушыларына кеңес беру. Жұмыс оқу жоспарында көзделген сағаттар санына байланысты бірінші және екінші семестрдегі педагогикалық жүктеме әртүрлі көлемде белгіленуі мүмкін. Колледжде үздіксіз оқу процесін қамтамасыз ету үшін білікті оқытушылар саны жеткілікті.

Колледж әкімшілігі оқу жылы басталғанға дейін алдын ала оқу жүктемесінің жалпы көлеміне және бір оқытушыға педагогикалық жүктеменің рұқсат етілген нормативтеріне байланысты ИПҚ қажеттілігін анықтайды.

Педагогикалық ұжымды іріктеуге білім беру бағдарламасының ерекшелігі, әрбір мамандық үшін базалық пәндер (модульдер) және педагог қызметкердің тиісті мамандық пен біліктіліктің жоғары кәсіптік білімі туралы дипломының болуы әсер етеді.

2017-2018 оқу жылында инженерлік-педагогикалық қызметкерлер саны 60 адамды құрады, оның ішінде штаттағы оқытушылар 35, 25 өндірістік оқыту шебері, 2 магистр. Жоғары және бірінші санатты 22 адам бар, бұл 34,4% құрайды.

2018-2019 оқу жылында инженерлік-педагогикалық қызметкерлер саны 56 адамды құрады, оның ішінде штаттағы оқытушылар – 33,өндірістік оқыту шеберлері-23, магистрлер-2.Жоғары және бірінші санатты – 21 адам, бұл 35,5% құрайды.

2019-2020 оқу жылында инженерлік-педагогикалық қызметкерлер саны 58 адамды құрады, оның ішінде штаттағы оқытушылар – 35 адам, өндірістік оқыту шеберлері – 23 адам, магистрлер – 3. Жоғары және бірінші санатты – 21 адам, бұл 36,6% құрайды

2020-2021 оқу жылында инженерлік-педагогикалық қызметкерлер саны 58 адамды құрады, оның ішінде штаттағы оқытушылар – 35 адам, өндірістік оқыту шеберлері – 23 адам, магистрлер – 3. Жоғары және бірінші санатты – 21 адам, бұл 36,6% құрайды

2021-2022 оқу жылында инженерлік-педагогикалық қызметкерлер саны 51 адамды құрады, оның ішінде штаттағы оқытушылар – 33 адам, өндірістік оқыту шеберлері – 18 адам, магистрлер – 4. Жоғары және бірінші санатты – 21 адам, бұл 36,6% құрайды

 

Оқытушылардың сапалық құрамы «азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына және «Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 123 бұйрығына сәйкес келеді.

Штаттық оқытушылардың үлесі 94,8% құрайды. Бірінші және жоғары санатты инженерлік-педагогикалық қызметкерлердің үлесі 36,6%.)

 

Колледж бойынша өзін-өзі бағалау

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары
  1. Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мазмұнына қойылатын талаптар:
1 Білім беру ұйымдарының жылдық жұмыс жоспарының болуы және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің міндеттеріне сәйкестігі:
Талдау нәтижесі: 2017-2018, 2018-2019, 2019-2020, 2020-2021, 2021-2022 оқу жылдарының жылдық жоспарлары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 553 бұйрығындағы МЖМБС талаптарында айқындалған техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім берудің базалық құндылықтарына, мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі анықталды. Сонымен қоса, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы №595 бұйрығының 3 қосымшасына сәйкес білім беру ұйымы қызметінің үлгілік қағидалары сәйкес жасалған. Тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау бойынша: білім алушылардың білімін жетілдіру, оқу жүктемесі үлгілік оқу жоспарына сәйкес жүргізу, білім алушыларды қолайлы және қауіпсіз  білім беру ортасымен қамтамасыз ету, цифрлық инфрақұрылыммен және ресурстармен жабдықтау, бәсекеге қабілеттілігі және функционалды сауаттылығы дамуы үшін қолайлы, жалпыадамзаттық, ұлттық құндылықтарға  негізделген білім беру ортасын құру міндеті қойылған.

Жоспарлауда білім беру ұйымының алдына қойған міндеттері, теориялық оқыту, өндірісте оқыту және еңбек нарығының қажеттіліктері арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ететін оқыту жүйелерін дамыту, жалпыға бірдей білім беруді жүзеге асыруға арналған іс-шаралар, оқу-тәрбие жоспары, колледжішілік бақылау, педагогикалық кеңестер, қамқоршылық кеңестер, институционалдық кеңестер, педагогикалық-әдеп кеңесі, директор жанындағы кеңестер, колледжішілік тәрбиелік іс-шаралар, ата-аналармен, әлеуметтік серіктестермен және қоғамдық ұйымдармен жүргізілетін жұмыстар, оқу-материалдық базаны нығайту колледж әкімшілігінің функционалдық міндеттері қамтылған.

Қорытынды: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі №130 бұйрығы нысанына сәйкес келеді.
2 Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің (бұдан әрі – ТжКБ ОЖБ) әзірленген оқу жұмыс бағдарламаларының болуы:
 2017-2018, 2018-2019, 2019-2020, 2020-2021, 2021-2022 оқу жылдарының оқу жоспарларына сәйкес оқу жұмыс бағдарламалары  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 553 бұйрығымен бекітілген техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларымен (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16013 болып тіркелген) жасалған.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 15 маусымдағы № 384 бұйрығымен бекітілген техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11690 болып тіркелген) жасалған.

Бір мамандық шеңберінде ұқсас біліктіліктер бойынша үлгілік оқу жоспары мен үлгілік оқу бағдарламасы бойынша ұқсас тәсілді пайдалана отырып оқу жұмыс бағдарламасы әзірленген.

Жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 «Білім берудің барлық деңгейінің МЖМББС бекіту туралы» бұйрығына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 «ҚР-дағы бастауыш, негізгі орта,  жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» бұйрықтарына сәйкес әзірленген.

Үлгілік оқу бағдарламасында ұсынылған әдебиеттер тізбесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым минситрінің 2019 жылғы 17 мамырдағы № 217 «Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, құралдардың және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердің тізбесін бекіту туралы» бұйрығы негізінде жасалған.

Жаңартылған мазмұн бойынша жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу жоспары мен бағдарламаларына сүйеніп жасалған («Талап» КЕАҚ сайтында орналастырылған).

2021-2022 оқу жылындағы біліктілік бойынша үлгілік оқу бағдарламалары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 553 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарында көрсетілген оқыту нәтижелерін негізге ала отырып жасалған.

«Жас маман» бағдарламасы аясында оқытылып жатырған 07161600 –Ауылшаруашылығын механикаландыру мамандығы, 3W07161601 – Ауылшаруашылығы өндірісінің тракторист-машинисі біліктілігі, 10130300 – Тамақтандыруды ұйымдастыру мамандығы, 3W10130302 – Аспазшы біліктілігі бойынша жұмыс оқу бағдарламалары КЕАҚ «Talap» ұсынған Soprano Group(Финляндия) шетелдік жұмыс оқу бағдарламасы бойынша әзірленген. Техникалық және кәсіптік білім берудің (ТжКБ) барлық біліктілік бағдарламасы мен оқу бағдарламалары  бірдей құрылымға ие және ECTSжәне ECVET (кредиттерді аударудың Еуропалық жүйесі) еуропалық стандарттарына негізделген.

Пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің жұмыс оқу бағдарламасы мен күнтізбелік-тақырыптық жоспарлары жоғарыдағы аталған бұйрықтар мен ҮОЖмен ҮОБ сүйеніп, жұмыс оқу жоспары негізінде жасалып, бекітілген.

Жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламаларының құрылымы мен мазмұны оқу материалының логикалық аяқталған бірлігінен тұратын ақпарат блогын, қойылған мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін іс-әрекеттердің мақсатты бағдарламасын және әдістемелік басшылықты, яғни білім алушылардың болашақ жұмыс үшін қажетті білімді, дағдыларды меңгеруі үшін жағдай жасауды қамтиды.

Қорытынды:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 553 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 15 маусымдағы № 384 бұйрығы нысанына сәйкес .

3 Үлгілік оқу жоспары негізінде, ол болмаған жағдайда, техникалық және кәсіптік білім беру МЖБС-ның 1, 2 және 3-қосымшалары мен орта білімнен кейінгі білім берудің МЖМБС қосымшасында келтірілген техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің оқу жоспары модельдерінің, модульдік оқыту технологиясы кезіндегі оқу жоспарының немесе кредиттік оқыту технологиясы кезіндегі оқу жоспары моделінің негізінде оқу нысаны мен мерзімін көрсете отырып белгілі бір бейін, мамандық және біліктілік бойынша әзірленген оқу жұмыс жоспарларының болуы (бұдан әрі – ТжКБ ОЖЖ);
 2021-2022 оқу жылында оқу жұмыс жоспарлары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығының 5-қосымшасы техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын негізге ала отырып, білім берудің мазмұнына оқыту нәтижелеріне бағдар жасай отырып қойылатын талаптар, оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар, оқу уақытына қойылатын талаптар және сонымен қатар оқу жоспарының моделі техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына 1 қосымшаны негізге ала отырып жасалды.

Кредитік-модульдік оқыту технологиясы бойынша жоғарыдағы бұйрықты негізге ала отырып жасалған оқу жұмыс жоспаралары:

07161600 – Ауылшаруашылығын механикаландыру мамандығы, 3W07161601 – Ауылшаруашылығы өндірісінің тракторист-машинисі біліктілігі, күндізгі нысанда,(120 кредит) оқу мерзімі 1 жыл 10 ай.

07161600 – Ауылшаруашылығын механикаландыру мамандығы, 3W07161602 – Ауылшаруашылығы техникасын жөндеу шебері біліктілігі,  күндізгі нысанда,(120 кредит) оқу мерзімі 1 жыл 10 ай.

07130100 – Электр  жабдықтары мамандығы, 3W07130101 – Электромонтер біліктілігі, күндізгі нысанда,(120 кредит) оқу мерзімі 1 жыл 10 ай.

07150500 – Дәнекерлеу ісі мамандығы, 3W07150501 – Электр газымен дәнекерлеуші біліктілігі, күндізгі нысанда, (120 кредит)оқу мерзімі 1 жыл 10 ай.

10130300 – Тамақтандыруды ұйымдастыру мамандығы, 3W10130302 – Аспазшы біліктілігі, күндізгі нысанда, (120 кредит)оқу мерзімі 1 жыл 10 ай.

08110300 – Жеміс-көкөніс шаруашылығы мамандығы, 3W08110304 – Жеміс өсіруші біліктілігі, күндізгі нысанда,(60 кредит) оқу мерзімі 10 ай.

Модульдік оқыту технологиясы бойынша оқу жұмыс жоспарлары:

1504000 – Фермер шаруашылығы мамандығы, 1504062 – Ауыл шаруашылық өндірісіндегі тракторшы-машинист біліктілігі, күндізгі нысанда оқу мерзімі 2 жыл 10 ай.

1401000 – Үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану мамандығы, 1401182 – Құрылыс слесарі біліктілігі, күндізгі нысанда, оқу мерзімі 2 жыл 10 ай.

0508000 – Тамақтандыруды ұйымдастыру мамандығы, 0508022 – Кондитер біліктілігі, күндізгі нысанда, оқу мерзімі 2 жыл 10 ай.

1401000 – Үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану мамандығы, 1401202 – Құрылыстың құрғақ әдіс жөніндегі маманы біліктілігі, күндізгі нысанда, оқу мерзімі 2 жыл 10 ай.

0901000 – Электр станциялары мен желілерінің электр жабдықтары (түрлері бойынша) мамандығы, 0901012 — Электромантер (барлық атаулар) біліктілігі, күндізгі нысанда, оқу мерзімі 2 жыл 10 ай.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 15 маусымдағы № 384 бұйрығын негізге ала отырып, Сызықтық(дәстүрлі) оқыту технологиясы бойынша оқу жұмыс жоспарлары:

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша оқытылатын

0901000 — Электр станциялары мен желілерінің электр жабдықтары (түрлері бойынша) мамандығы, 0901043 — Техник-электрик біліктілігі, күндізгі нысанда, оқу мерзімі 2 жыл 10 ай

Қорытынды:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы        №604 бұйрығының 5-қосымшасы техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт нысанына сәйкес.

4 Оқу бағдарламалары мен жоспарлары негізінде білім беру қызметін жоспарлау және ұйымдастыру (бағаланатын кезеңдегі оқу-тәрбие процесінің бекітілген кестелері мен теориялық және практикалық сабақтар кестелерінің көшірмелері қоса беріледі);
 Оқу бағдарламалары мен жоспарлары негізінде оқу процесін ұйымдастыру білім беру ұйымының басшысы бекіткен оқу процесі кестесінің негізінде жүргізілген. Оқу процесінің кестесі академиялық кезеңдерден, аралық аттестаттау кезеңдерінен, каникулдар мен практикалардан тұрады. Бітіруші топтарға оқу жылына қорытынды атттестаттау кезеңі қосылған. Оқу жылы 52 аптадан тұрады, оның 40 аптасы оқу процесіне, 11 аптасы каникулға, 1 аптасы мерекелік күндерге бөлінген. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі күндізгі оқыту нысанында міндетті оқу жүктемесін – аптасына кемінде 36 сағат, сондай-ақ факультативтік сабақ пен консультацияны қоса алғанда 54 сағаттан аспайды. Оқытушылардың педагогикалық жүктемесі негізінде басшының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары барлық семестрге оқу сабақтарының кестесін құрастырады және колледж директоры бекіткен. Кестені түзетуге жол беріледі.
Қорытынды:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы        №604 бұйрық нысанына сәйкес келеді.

5 Білім алушылардың психофизикалық даму ерекшеліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, ерекше білім беру қажеттілігі бар адамдар үшін жеке оқу жоспарын және арнайы оқу бағдарламасын (бар болған жағдайда) іске асыру (бағаланатын кезеңдегі жеке оқу жоспарының және арнайы оқу бағдарламасының көшірмелері қоса беріледі);
 2021-2022 оқу жылы Ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушылардың психофизикалық даму ерекшеліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып  оқыту үшін мыналар әзірленді:

1) білім алушылардың психофизикалық даму ерекшеліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, ТжКБ білім беру бағдарламасын ішінара немесе толық меңгеруді көздейтін арнайы оқу бағдарламалары (ақыл-ойы сақталмаған адамдар үшін) жасалған;

2) білім алушылардың физикалық бұзушылықтары мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, ТжКБ мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы негізінде жеке оқу бағдарламалары мен жоспарлары (ақыл-ойы сақталған адамдар үшін) дайындалған.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғалар (ақыл-ойы сақталмаған) үшін қорытынды аттестаттау практикалық жұмысты орындау нысанында өткізіледі.

Ерекше білім кажет ететін білім алушылар барлық студенттермен бірдей қарым-қатынас орнатылған, жеке әр баланың қабілетін, қажеттілігін ескере отыра әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып өздеріне түсінікті, қолжетімді түрде сабақтар  өткізіледі.

2021-2022 оқу жылында қазірге таңда ерекше білім беру қажеттілігі бар 8 студент оқытылып жатыр. Оның ішінде олар 10130300 – Тамақтандыруды ұйымдастыру,

3W10130302 – Аспазшы біліктілігі бойынша – 3 студент, 07161600 — Ауылшаруашылығын механикаландыру», 3W07161602 – Ауыл шаруашылығы техникасын жөндеу шебері біліктілігі бойынша – 2 студент, 1401000-Үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану, 1401182 – Құрылыс слесарі біліктілігі бойынша – 1 студент, 0508000-Тамақтандыруды ұйымдастыру, 0508022 – Кондитер біліктілігі бойынша – 2 студент оқытылып жатыр. Студенттерге арналған жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламалары бірдей, тек ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушылар үшін тапсырмалар жеңілдетілген.

Қорытынды: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі №130 бұйрығы нысанына сәйкес .

Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі N 343 Заңы басшылыққа алынған.

6 Техникалық және кәсіптік білім берудің МЖМБС 1-қосымшасына сәйкес білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарының (бар болған жағдайда) деңгейлері үшін техникалық және кәсіптік білім берудің оқу жоспарының моделі бойынша оқу процесін ұйымдастыру және іске асыру;
 Техникалық және кәсіптік білім берудің оқу жоспарының моделі техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына 1-қосымшасына сәйкес жасалған. Оқу жоспарының моделі модульдердің және оқу қызметі түрлерінің атауы келесідей: «Жалпы білім беру пәндері» модулі, Базалық модульдер(білім алушының базалық құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған білім беру бағдарламасының функционалдық аяқталған құрылымдық элементі), Кәсіптік модульдер(кәсіби құзыретті қалыптастыруға бағытталған білім беру бағдарламасының функционалдық аяқталған құрылымдық элементі), Аралық аттестаттау, Қорытынды аттестаттау, Факультативтік сабақтар(міндетті оқытуға кірмейтін, таңдаған мамандық шеңберінде білім алушылардың білімін тереңдету, қызығушылықтарын, қабілеттерін дамыту мақсатында қосымша оқыту), Консультациялардан(білім беру бағдарламасын меңгеру кезінде білім алушыларға көмек көрсетуді қамтамасыз ететін оқу сабақтарының нысаны) тұрады. Білікті жұмысшы кадрлар үшін жұмыс оқу жоспарының мазмұны жалпы білім беретін, жалпы гуманитарлық, жалпы кәсіптік, арнайы пәндерді зерделеуді немесе жалпы білім беретін пәндерді, базалық және кәсіптік модульдерді зерделеуді, зертханалық-практикалық сабақтарды орындауды, өндірістік оқытудан және кәсіптік практикадан өтуді, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өтуді көзделген.
Қорытынды: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығының 5-қосымшасы Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты нысанына сәйкес келеді.
7 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6976 болып тіркелген) техникалық және кәсіптік білім берудің МЖБС-ның 2-қосымшасына және кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларына сәйкес кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру және іске асыру (бар болған жағдайда). Жұмыс оқу жоспарлары мен мамандық бойынша элективті пәндер каталогы және (немесе) модульдері негізінде жасалған бағаланатын кезеңдегі жеке оқу жоспарларының көшірмелері қоса беріледі;
 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығының 3-бөлімі. ТжКБ ұйымдарында кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру білім беру бағдарламалары мен жұмыс оқу жоспарларынан құралған. Оқу жұмыс жоспарының нысаны, құрылымы мен оқу уақыттарының көлемі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 553 бұйрығындағы үлгілік оқу жоспарына сәйкес жасалған.

Жоғарыда аталған бұйрық бойынша 2021-2022 оқу жылында 6 біліктілік кредиттік-модульдік оқыту технологиясы бойынша жұмыс оқу жоспары және бағдарламасы әзірленіп, оқытылып жатыр. Атап айтсақ, 07161600–Ауылшаруашылығын механикаландыру мамандығы, 3W07161601–Ауылшаруашылығы өндірісінің тракторист-машинисі біліктілігі, күндізгі нысанда, оқу көлемі 120 кредит/2880 сағат. Оқу мерзімі 1 жыл 10 ай

07161600–Ауылшаруашылығын механикаландыру мамандығы, 3W07161602 – Ауылшаруашылығы техникасын жөндеу шебері біліктілігі,  күндізгі нысанда, оқу көлемі 120 кредит/2880 сағат, оқу мерзімі 1 жыл 10 ай.

07130100 – Электр  жабдықтары мамандығы, 3W07130101 – Электромонтер біліктілігі, күндізгі нысанда, оқу көлемі 120 кредит/2880 сағат, оқу мерзімі 1 жыл 10 ай.

07150500 – Дәнекерлеу ісі мамандығы, 3W07150501 – Электр газымен дәнекерлеуші біліктілігі, күндізгі нысанда, оқу көлемі 120 кредит/2880 сағат, оқу мерзімі 1 жыл 10 ай.

10130300 – Тамақтандыруды ұйымдастыру мамандығы, 3W10130302 – Аспазшы біліктілігі, күндізгі нысанда, оқу көлемі 120 кредит/2880 сағат, оқу мерзімі 1 жыл 10 ай.

08110300 – Жеміс-көкөніс шаруашылығы мамандығы, 3W08110304 – Жеміс өсіруші біліктілігі, күндізгі нысанда, оқу көлемі 60 кредит/1440 сағат, оқу мерзімі 10 ай.

Кредиттік технология бойынша оқу жұмыс жоспарында міндетті компоненттің және кредиттегі таңдау бойынша компоненттің әрбір оқу пәні және (немесе) модулінің тізбесі және еңбек сыйымдылығы, оларды оқу тәртібі, оқу қызметінің түрлері және бақылау нысандары айқындалған. Оқу жұмыс жоспарына енгізілген барлық модульдер бойынша әрбір модульдің және оқыту нәтижесінің еңбек сыйымдылығы мен маңызыдылығына қарай кредит сандарына бөлінген. Оқу жұмыс жоспарлары оқытудың барлық кезеңдеріне әзірленген және педагогикалық кеңесте қаралып, бекітілген. Білім беру ұйымы оқу процесіндегі оқу жұмыс жоспарының толыққанды, нәтижелі жүзеге асырылуы үшін білім алушылар ақпараттық көздермен толық көлемде қамтамасыз етілген: оқулықтар, оқу құралдары, оқу пәндері бойынша әдістемелік құралдар және әзірленімдер, белсенді үлестірмелі материалдар және өзіндік жұмыстар жөніндегі нұсқаулықтар, электронды оқулықтар, желілік білім беру ресурстарына қолжетімділік айқын көрініс табады. Кредиттік технология бойынша оқу жұмысының көлемін жоспарлау кезінде бір кредит оның барлық түрлері үшін 24 (жиырма төрт) академиялық сағатқа тең болатындығы көрсетілген. Бір академиялық сағат оқу жұмысының барлық түрлері бойынша 45 минутқа тең.

Қорытынды:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі №152 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығының 2-қосымшасына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 553 бұйрық нысанына сәйкес.

8 Техникалық және кәсіптік білім берудің МЖМБС-на 3-қосымшаға сәйкес модульдік оқыту технологиясы бойынша (болған жағдайда) оқу процесін ұйымдастыру және іске асыру;
 

Техникалық және кәсіптік білім берудің МЖМБС-на 3-қосымшаға сәйкес оқытылатын мамандықтар жоқ

 

Қорытынды:
9 Орта білімнен кейінгі білім берудің МЖМБС қосымшасына сәйкес орта білімнен кейінгі білім берудің оқу жоспарының моделі бойынша оқу процесін ұйымдастыру және іске асыру;
 Орта білімнен кейінгі білім берудің МЖМБС қосымшасына сәйкес орта білімнен кейінгі білім беру бойынша мамандықтар жоқ
Қорытынды:
10 Зерделеудің реттілігін сақтау мен оқу пәндерін және (немесе) модульдерді интеграциялау, оқу уақытын олардың әрқайсысы бойынша курстар мен семестрлер бойынша бөлу;
 Мамандықтар бойынша оқу жұмыс жоспарлары кәсіптік даярлықтың құрылымдық мазмұнын, модульдер бойынша оқу уақытының көлемін, білім алушылардың біліктілік деңгейін ескере отырып модульдерді зерделеу ретін ашады. Барлық модульдер жүйелі, интеграцияланған және пәнаралық сипатқа ие. Жеке модульдердің жиынтығы белгілі бір біліктілікті алуға бағытталған. Әрбір келесі біліктілік үшін алдыңғы біліктілік модульдерін меңгеру қарастырылған.

Білікті жұмысшы кадрларды даярлау кезінде: қойылған міндеттерге сүйене отырып, белгілі бір еркіндік үлесімен іс-әрекет жүргізу, базалық, жалпы білім беретін және практикаға бағдарланған кәсіби білімді қолдану, стандартты және қарапайым бір типті практикалық міндеттерді шешу, білім мен практикалық тәжірибе негізінде белгілі әрекет тәсілдерін таңдау, алынған нәтижелерді ескере отырып зерделеудің реттілігін сақтап пәндер және модульдерді оку уақытын көрсете отырып курстар мен семестрлерге бөлінді.

Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі күндізгі оқыту нысанында міндетті оқу жүктемесін – аптасына кемінде 36 сағат, сондай-ақ факультативтік сабақ пен консультацияны қоса алғанда 54 сағаттан аспайды.

Әрбір оқу жылына арналған міндетті оқу уақытының көлемі 60 кредит/1440 сағат жалпы білім беретін пәндерді, базалық және кәсіптік модульдерді зерделеуді, зертханалық-практикалық сабақтарды орындауды, өндірістік оқытудан және кәсіптік практикадан өтуді, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өтуге көзделген.

Жалпы білім беру пәндері 1-2 курстарда қамтылған. Жалпы білім беретін пәндер бойынша аралық аттестаттау: қазақ тілі, орыс тілі және әдебиеті, қазақстан тарихы, математика және тереңдетілген деңгейдегі пән бойынша емтихандар өткізуді көздейді. Жалпы білім беретін пәндер бойынша емтихандар «Жалпы білім беретін пәндер» модуліне бөлінген кредиттер/сағаттар есебінен өткізіледі.

Базалық және кәсіптік модульдер 1-2 курста оқытылады. Базалық модульдерде дене қасиеттерін дамыту және жетілдіру, ақпараттық-коммуникациялық және цифрлық технологияларды қолдану, экономиканың базалық білімін және кәсіпкерлік негіздерін қолдану.

Біліктілік емтихандары әрбір біліктілік бойынша практикалық жұмыс, ұйымның оқу-өндірістік шеберханаларында, зертханаларында және оқу орталықтарында және/немесе кәсіпорындардың өндірістік алаңдарында өткізіледі. Біліктілік емтихандары бойынша емтихандар кәсіптік  модуліне бөлінген кредиттер/сағаттар есебінен өткізіледі.

Қорытынды:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы        №604 бұйрық нысанына сәйкес.

11 Жалпы білім беретін пәндер тізбесі мен көлемін көздейтін бейіндік оқытуды ескере отырып, білім беру мазмұнының кәсіптік бағдарлануын іске асыру;
 

Жалпы білім беретін пәндер тізбесі мен көлемі  жаратылыстану-математикалық бағыттары бойынша мамандық бейінін ескере отырып айқындалған. Бейініне қарамастан міндетті жалпы білім беретін пәндерге: «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті», «Орыс тілі және әдебиеті», «Шетел тілі», «Математика», «Информатика», «Қазақстан тарихы», «Өзін-өзі тану», «Дене тәрбиесі», «Алғашқы әскери дайындық» жатады.

Мамандық бейініне байланысты тереңдетілген және стандарттық деңгейлерінің екі пәнін таңдалды.

Жаратылыстану-математикалық бейіннің тереңдетілген оқыту деңгейіндегі пәндеріне «Физика», «Химия», «Биология», «География» жатады. Бейіндік оқытудың осы бағытында стандарттық деңгейдегі пәндерге «Дүниежүзі тарихы», «Биология», «География» жатады. Жалпы білім беру пәндері 1-2 курстарда оқытылады .

«Дене шынықтыру» бойынша сабақтар міндетті болып табылады және теориялық оқыту кезеңінде аптасына кемінде 4 сағат жоспарланды.

Қорытынды:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы        №604 бұйрық нысанына сәйкес .

12 Топты кіші топтарға бөлуге қойылатын талаптарды сақтау;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы №595 бұйрығының 2-тарауы Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қызметінің тәртібі, 8-2 тармағы бойынша модульдер бойынша зертханалық жұмыстар мен практикалық сабақтар, сондай-ақ жұмыс оқу жоспарына сәйкес айқындалатын шеберханаларда(зертханаларда, оқу полигондарында және оқу шаруашылықтарында) өндірістік оқыту бойынша сабақтар өткізіледі, оқу топтары 13 адамнан аспайтын кіші топтарға бөлінеді.Материалдық техникалық базада бір мезетте екі бірдей кабинет ашу мүмкіншілік болмауына және бала санының 13 адамнан аспайтын кіші топтарға бөлуге келмегендіқтен Жалпы білім беретін пәндер кіші топтарға бөлінбейді.

 

Қорытынды:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы №595 бұйрығы нысанына сәйкес.

13 Факультативтік сабақтар мен консультацияларды іске асыру;
 2017-2018, 2018-2019, 2019-2020, 2020-2021, 2021-2022 оқу жылдарында білім алушылардың жеке қабілеттерін дамыту және көмек көрсету үшін факультативтік сабақтар мен консультациялар қарастырылған.

Факультативтік сабақ – міндетті оқытуға кірмейтін, таңдаған мамандық шеңберінде білім алушылардың білімін тереңдету, қызығушылықтарын, қабілеттерін дамыту мақсатында қосымша оқыту. Колледжде факультативтік сабақтар сабақтан тыс уақытта аптасына 4 сағаттан аспайтын көлемде 1 оқу тобына ұйымдастырылады. Барлық білім алушыларының оқуы үшін міндетті факультативтік сабақтар «Экология», «Дінтану», «Құқық негіздері», «Валеология», «Мемлекеттік тілде іс-қағаздар жүргізу», «Менеджмент», «Техникалық шығармашылық», «Кәсіби қызмет әдебі», «Жолда жүру ережесі» осылардан тұрады. Бағдарламалық материалды орындау факультативтік сабақтар үшін арнайы бөлінген журналда тіркеледі.

Колледждің ерекшелігіне сәйкес «Валеология» курсы бойынша факультативтік сабақтарда білім алушылар «Валеология»  мәселесі бойынша ақпараттылық пен білімділік деңгейін арттырады. «Құқық негіздері» курсы бойынша факультативтік сабақтарда жеке тұлғалық дамуға, әлеуметтік құзыреттілікті, сыни ойлауды дамытуға, дербес шешім қабылдау қабілетіне ерекше назар аударылады. «Менеджмент» бойынша  факультативтік сабақтарда білім алушылар өндірісті жоспарлау мен басқаруды ұйымдастыруды ұтымды және тиімді шешімдерді таңдуға, бизнес-жоспар құруға үйренеді. «Өндірістік техника және технология» бойынша озық техника мен технологиялардан ақпараттық мағлұмат ала отырып, танымдық білімін дамытады. «Кәсіби қызмет әдебі» және «Техникалық шығармашылық» білім алушылардың кәсіби біліктілігін, дағдыларын, кәсіби қызмет әдебін сақтау және шығармашылық дарынды шыңдау мақсатында білім-білігін зерделеуге жетелейді.

Білім алушыларға арналған консультациялар әрбір оқу жылына оқу тобына 100 сағаттан аспайтын көлемде көзделеді. Консультациялар емтихан түрінде аралық және қорытынды аттестаттау қарастырылған пәндер (модульдер) бойынша жоспарланады.

Қорытынды:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы        №604 бұйрық нысанына сәйкес келеді.

14 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 107 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13395 болып тіркелген) МЖМБС талаптарына және кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларына және кәсіпорындарды (ұйымдарды) практика базасы ретінде айқындау қағидаларына сәйкес өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканы жүзеге асыру және одан өту;
Колледжде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 107 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13395 болып тіркелген) МЖМБС талаптарына және кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларына және кәсіпорындарды (ұйымдарды) практика базасы ретінде айқындау қағидаларына сәйкес өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканы жүзеге асыру және одан өту бұйрығымен сәйкес өткізіледі.

Жыл сайын оқу жылының басында кәсіптік  практиканың мазмұны және көлемі, түрі анықталған оқу жұмыс бағдарламалары әзірленеді. Жұмыс оқу бағдарламасы колледж басшысымен бекітіледі және жұмыс берушілермен келісіледі.

Мамандықтар бойынша білім беру бағдарламалары келесі практикалық оқыту түрлерін қарастырады: теориялық оқыту кезінде зертханалық-практикалық сабақ, өндірістік оқыту және кәсіптік практика мамандықтар боынша оқытудың көлемі 40%-дан  асады, осылайша практикаға бағытталған тәсілді көрсетеді және оқытудың дуалды  жүйесіне  кезінде 60%-дан  асады . Пән бойынша оқыту практикасы өткізіледі және колледжде оқу процесі кезінде алған теориялық білімін бекіту, болашақ мамандықтың түрі, функциялары мен міндеттерімен танысу сипатында болады. Кәсіптік практика өндірістік практика базасында ұйымдастырылады. Білім алушылардың кәсіптік практикасын өткізуге арналған база ретінде жарғы қызметі мамандарды даярлау бейініне және білім беру бағдарламасының талаптарына сәйкес келетін кәсіптік практикаға басшылық жасау үшін білікті кадрларды және материалдық-техникалық базасы бар ұйымдар анықталды.

Колледж практика базасы ретінде Жалағаш ауданының 30 кәсіпорындары және ұйымдармен келісім-шарт жасалды.

Әлеуметтік серіктестер: «Талап» ШҚ, «Таң LTD» ЖШС, «Әбдібек» ЖК, «Егінші» ШҚ, «Даулет» ШҚ, «Европласт» ЖК, «Болат и К» ЖК, «Нұр-пласт» ЖШС, «Мархабай» ЖК, «Амиров» ЖК, «Балбыров» ЖК, «Нұр С.Б.Т» ЖШС, «НҰР» ШҚ, «Ер-Әлі» ШҚ, «Бағжан» ЖҚ, «Жалтынов» ЖК, «Әуесбаев Қ» ЖҚ, «Бәйтерек» ШҚ, «Сыр Арна» ЖШС, «Мақпалкөл» ЖШС, «Ақшал» ШҚ, «Мега.Агро» ЖШС, «Мираж» ЖШС, «Жалағаш аудандық электр торабы» АҚ, «Дархан» ЖК, «Ер-Әлі» ШҚ, «Ақжол» ШҚ, «Өңір қызметі»ЖШС, «Аққұм жер» ЖШС.

Колледждің негізгі әлеуметтік серіктесі және практика базасы ЖК Айнабаева «Айгерім» мейрамханасы, «Талап»ШҚ, «Мираж» ЖШС. Колледж оқушыларының 60 % — дан астамы осы кәсіпорындарда жыл сайын практикадан өтеді.

Білім алушыларды кәсіптік практикаға жіберу колледж басшысының бұйрығымен, өту мерзімі, базасы және практика жетекшісі көрсетіле отырып ресімделген.

Білім алушыларға кәсіптік практикадан өткені туралы жолдама бланкісінің ішінде күнделік-есеп беріледі. Күнделікті практикалық оқыту практика күнделігінде көрсетіледі, оларды колледжден практика жетекшісі жүйелі түрде бақылайды және өндірістен тікелей басшының қолымен расталады. Жетекшілер практиканттың практикалық оқуын аяқтағаннан кейін практиканттың дайындық деңгейін көрсете отырып, практикантқа мінездеме ресімдейді және алынған құзыреттілік деңгейін бес балдық жүйе бойынша бағалайды. Практика жетекшілері өндірістік практика барысында білім алушылардың практикадан өтуін бақылауды жүзеге асырады, өндіріске кәсіпорын шеберлерімен және тәлімгерлерімен тұрақты байланыста болады.

Білім алушылардың өндірістік және кәсіптік практика бағдарламаларын орындауын есепке алу өндірістік оқытуды есепке алу журналында тіркеледі.

Колледждің білім алушылары кәсіби практиканың әрбір түрінің қорытындысы бойынша есеп береді, оны практика жетекшісі тексереді. Колледжде кәсіптік практика есебін қорғау нәтижелері техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесіне сәйкес сараланған бағалармен бағаланады.

Технологиялық практика аяқталғаннан кейін мамандықтардың бағыты мен күрделілігіне байланысты тиісті кәсіптік біліктілікті растау және алу үшін емтихан жұмыстарын орындау түрінде аралық аттестаттау жүргізу көзделеді.

Мамандықтардың бағыттары бойынша емтихан жұмыстарын орындау үшін құрамына ұйымның (кәсіпорынның, мекеменің) және колледждің өкілдері кіретін біліктілік комиссиялары ұйымдастырылады. Аралық аттестаттау қорытындысы бойынша білім алушыларға нақты мамандық бойынша кәсіби біліктіліктің (разряд, сынып, санат) қол жеткізілген деңгейі беріледі.

Колледж кәсіптік практикаларды ұйымдастыру мен өткізудің, оқу-өндірістік шеберханаларда, зертханаларда, келісім-шарт негізінде жұмыс берушілер ұсынатын жергілікті жерлерде білім алушыларды өндірістік оқытудың тиісті деңгейін, практика базаларының, өндірістік оқытудың сапасын, практикадан өту және өндірістік оқыту кезеңінде құзыреттерді игеруді қамтамасыз етеді.

Қорытынды:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 107 бұйрығы нысанына сәйкес.

15 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191 болып тіркелген) Білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес білім алушыларды бақылау, ағымдағы, аралық және қорытынды аттестаттау нысандарын жүргізу;
Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына сәйкес жалпы білім беретін пәндер бойынша аралық аттестаттау: қазақ тілінде оқытатын топтар үшін қазақ тілі, орыс тілі және әдебиеті  және қазақстан тарихы, математика және тереңдетілген деңгейдегі пән бойынша емтихандар өткізуді көздейді. Оқыту нәтижелерінің жетістіктерін бағалау әр түрлі бақылау түрлерімен жүргізіледі: үлгерімді ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау.

Бақылау жұмыстары, сынақтар және курстық жобалар (жұмыстар) пәнді, соның ішінде модульге біріктірілген пәнді оқуға бөлінген оқу уақыты есебінен, емтихандар – аралық немесе қорытынды аттестаттауға бөлінген мерзімде өткізіледі. Біліктілік емтихандары әрбір біліктілік бойынша практикалық жұмыс немесе демонстрациялық емтихан нысанында ТжКБ ұйымының оқу-өндірістік шеберханаларында, зертханаларында және оқу орталықтарында және/немесе кәсіпорындардың өндірістік алаңдарында өткізіледі. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғалар (ақыл-ойы сақталмаған) үшін қорытынды аттестаттау практикалық жұмысты орындау нысанында, өткізіледі, басқа санаттағылар үшін ТжКБ ұйымы айқындайды.

Аралық аттестаттау нәтижелері жыл сайын педагогикалық кеңес отырысында қаралады.

Білім алушылардың қорытынды аттестаттаудан өту нәтижелері жыл сайын педагогикалық кеңестің отырысында қаралады.

Қорытынды аттестаттау төрағаларының есебі ЦӘК отырыстарында қаралады. Жыл сайын педагогикалық кеңесте әлеуметтік серіктестермен тәжірибе ұйымдастыру және өзара іс-қимыл туралы, практикадан өту, жұмысқа орналастыру қорытындылары туралы мәселелер қарастырылады

Қорытынды:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығы нысанына сәйкес.

16 Білім беру бағдарламаларының мазмұнына сәйкес ұлттық құндылықтарды дамытуға, патриотизм мен азаматтықты қалыптастыруға, білім алушылардың жан-жақты мүдделері мен қабілеттерін дамытуға бағытталған тәрбие компонентін іске асыру;
2017-2018, 2018-2019 оқу жылдарында«Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 227 бұйрығын басшылыққа алып, жұмыс жүргізіліп келеді. 2019-2020,                                  2020-2021,2021-2022 оқу жылдарында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында тәрбиенің Тұжырымдамалық негіздерін іске асырудың»Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы «15» сәуірдегі №145 бұйрығын  басшылыққа алынып,қазіргі таңда жұмыс жасалуда. Жоспар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі                                     № 130 бұйрығына 10-қосымшасын басшылыққа ала отырып жұмыс жүргізілуде..

Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар тұтас педагогикалық процестің өзегі бола отыра, тәрбие жұмысының барлық бағыттары арқылы өтеді.                                                                Тәрбиенің мақсаттары мен тәрбие жұмысының міндеттері білім беру процесінде, сабақтан тыс және бос уақытта іске асырылады

1.Қазақстандық патриотизм және азаматтыққа тәрбиелеу, құқықтық тәрбиелеу бағыты бойынша іс-шаралар

Мақсаты:  Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін; балалар мен жастардың құқықтық санасын, оларда балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру

2.Рухани-танымдық тәрбие бағыты бойынша іс-шаралар

Мақсаты: Тұлғаның қазақстандық қоғам өмірінің жалпыадамзаттық құндылықтарымен, нормаларымен және дәстүрлерімен келісілген рухани-адамгершілік және этикалық ұстанымдарын, моральдық қасиеттерін және көзқарастарын қалыптастыру.

3.Ұлттық тәрбие бағыты бойынша іс-шаралар

Мақсаты: Тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарлау, ана тілін және мемлекеттік тілді, қазақ халқының, Қазақстан Республикасындағы этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу. 

4.Отбасылық тәрбие бағыты бойынша іс-шаралар

Мақсаты: Ата-аналардың жауапкершілігін арттыру, педагогикалық тренингтер өткізу, бала тәрбиесінде олардың психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін және жауапкершіліктерін арттыру.

5.Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие бағыты бойынша іс-шаралар

Мақсаты: Тұлғаның өзін кәсіби анықтауына саналы қарымқатынасын қалыптастыру, экономикалық ойлауын және экологиялық мәдениетін дамыту.

6.Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу бағыты бойынша іс-шаралар

Мақсаты: Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік құру

7.Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие бағыты бойынша іс-шаралар

Мақсаты: Білім беру ұйымдарының білім беру кеңістігін тұлғаның өзін-өзі сәйкестендіруінің көпмәдениетті ортасы ретінде құру, тұлғаның қоғамдағы жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, оның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту.

8.Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты бағыты бойынша іс-шаралар

Мақсаты: Салауатты өмір салты, дене дамуы және психологиялық денсаулық сақтау дағдыларын, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.

Қорытынды: Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы «15» сәуірдегі №145 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығына 10-қосымшасына сәйкес .
17 Біліктілік талаптарын сақтау (біліктілік талаптарының сақталуы бойынша барлық растайтын құжаттары (жабдыққа арналған жүкқұжаттардың және/немесе бухгалтерлік есептілік деректерінен негізгі құралдардың тізбесі көшірмелері), осы Өлшемшарттардың 10, 11, 12, 13, 14, 17, 19, 20-қосымшаларына сәйкес толтырылған кестелер, сонымен қатар жалпы білім беру ұйымы, оның ішінде мамандықтар бойынша оқу және оқу-зертханалық жабдықтар мен жиһаздардың болуы жөніндегі бейне материалдар қоса беріледі).
Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 391 бұйрығынын талаптарына сәйкес 10,11,12,13,14,17,18,19 қосымшаларда көрініс тапқан. Ол қосымшаларда педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы оқу жылдары бойынш келесідей:  2017-2018 оқу жылында инженерлік-педагогикалық қызметкерлер саны 60 адамды құрады, оның ішінде штаттағы оқытушылар 35, 25 өндірістік оқыту шебері, 2 магистр. Жоғары және бірінші санатты 22 адам бар, бұл 34,4% құрайды.

2018-2019 оқу жылында инженерлік-педагогикалық қызметкерлер саны 56 адамды құрады, оның ішінде штаттағы оқытушылар – 33,өндірістік оқыту шеберлері-23, магистрлер-2.Жоғары және бірінші санатты – 21 адам, бұл 35,5% құрайды.

2019-2020 оқу жылында инженерлік-педагогикалық қызметкерлер саны 58 адамды құрады, оның ішінде штаттағы оқытушылар – 35 адам, өндірістік оқыту шеберлері – 23 адам, магистрлер – 3. Жоғары және бірінші санатты – 21 адам, бұл 36,6% құрайды, Сонымен қатар медициналық қызмет көрсетудің болуы, оның ішінде медициналық пункттің болуы және медициналық қызметке берілген лицензия туралы, санитариялық қағидалар мен нормаларға сәйкес тамақтандыру объектісінің болуы туралы, пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасының болуы туралы, білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз етуі, оның ішінде компьютерлердің, оқу зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің және техникалық оқу құралдарының болуы туралы, оқу, көркем және ғылыми әдебиеттер қорының болуы туралы, оқытылатын пәннің бейініне сәйкес соңғы бес жылда кадрлардың біліктілік арттырудан және қайта даярлаудан өткені туралы, цифрлық тасымалдағыштардағы оқу және ғылыми әдебиеттердің болуы туралы мәлеметтер көрсетілген,барлығы талапқа сәйкес келеді.

Материалдық-техникалық базаны жақсартуға жыл сайын орта есеппен білім беру ұйымдары табыстарының 2% бөлінеді.

Қаржы құралдарын пайдалану тиімділігін бағалау және материалдық активтерді қалыптастыру механизмі колледждің даму стратегиясына негізделеді, миссиялар мен мақсаттарға сәйкес келеді. Материалдық-техникалық базаны нығайтудың мақсатты индикаторы-бұл оқушылар мен оқытушылар үшін қажетті материалдық жағдайлар жасау. Ол үшін колледждің даму жоспарында нақты іс-шаралар қарастырылған. Бюджет бюджеттен қаржыландыру кірісіне сәйкес бөлінеді. Жыл сайын оқу-зертханалық базаларды жаңартуды материалдық-техникалық бағалау жүргізіледі (оқу кабинеттері, жиһаздар, компьютерлік техника, зертханалық жабдықтар, кітапханалық және ақпараттық ресурстар,  бағдарламалық қамтамсыз ету).

Оқу кабинеттерінде интерактивті тақта мен проекторлар бар, әдістемелік кабинетте оқытудың инновациялық әдістерін қолдану арқылы мультимедиялық материалдарды көрсету мүмкіндігі бар және бір компьютерлік класс бар. Материалдық активтерді қалыптастыру және қаржыны қолдану тиімділігін бағалау механизмі дамыту стратегиясына негізделеді, миссия мен мақсаттарға сәйкес келеді.

2021-2022 оқу жылында 20 кабинет, оның ішінде 12 жалпы білім беру кабинеті, 8 арнайы пәндер кабинеті, 5 зертхана, 2 шеберхана бар (№7 қосымша).

Оқу кабинеттері жиһаздармен жабдықталып, техникалық қауіпсіздік  талаптарына сәйкес келеді. Барлық кабинеттерде кабинет төлқұжаттары бар. Колледж оқу кабинеттері саны мен сапасына, білім беру бағдарламаларына жабдықталған және санитарлық нормаларға сәйкес келеді.

Қорытынды: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы        №604 бұйрығына, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 391 бұйрығы сәйкес.
18.1 Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар:
  МЖМБС белгіленген білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптардың сақталуы және сәйкестігі;
 Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі күндізгі оқыту нысанында міндетті оқу жүктемесін – аптасына кемінде 36 сағат, сондай-ақ факультативтік сабақ пен консультацияны қоса алғанда 54 сағаттан аспайды. Әрбір оқу жылына арналған міндетті оқу уақытының көлемі 60 кредит/1440 сағатты құрайды.

Білім алушылардың жеке қабілеттерін дамыту және көмек көрсету үшін факультативтік сабақтар мен консультациялар қарастырылған.

Білім алушының оқу жүктемесінің көлемі әрбір пән және (немесе) модуль немесе оқу жұмысының басқа түрлері бойынша меңгеретін оқыту нәтижелері бойынша кредитпен/сағатпен өлшенеді.

1 кредит 24 академиялық сағатқа, 1 академиялық сағат 45 минутқа тең.

Оқу жұмыс жоспарына енгізілген пәндер (модульдер) бақылаудың соңғы нысанына ие болады. Модуль (пән) бойынша сынақтар, сараланған сынақтар және бақылау осы пәнді оқытуға бөлінген уақыт есебінен, емтихандар – аттестаттауға бөлінген мерзімде өткізіледі. Мамандықтар бойынша оқу жұмыс жоспары бақылаудың келесі формалары кіреді:

— аралық аттестация (сынақтар, сараланған сынақтар, емтихандар);

— қорытынды аттестация;

Емтихан материалдары ЦӘК отырыстарында қаралады және басшының оқу ісі жөніндегі орынбасарымен бекітіледі.

Оқу жылы 1 қыркүйектен басталады, 1 шілдеден кешіктірілмей аяқталады және 52 аптаны құрайды. Бір оқу жылындағы оқу уақыты 40 аптаны (1440 сағат) құрайды, демалыс, мереке күндері (резерв)– 1 апта, каникулдар 11 аптадан кем емес, оның ішінде қысқы кезеңде–2 апта. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі аптасына 36 сағатты қоса алғанда, аптасына 54 сағаттан аспайды. Оқу сабақтарының ұзақтығы 45 минутты құрайды.

ТжКБ-ның білім беру бағдарламаларын игеру мерзімдері біліктіліктердің күрделілігіне және/немесе санына байланысты және МЖБС модельдеріне сәйкес көзделген кредиттер/сағаттардың көлемімен айқындалады

. Білім беру бағдарламаларын игеру мерзімдері білім беру деңгейлеріне байланысты анықталады:

— жалпы орта білім базасында 180 кредит;

— техникалық және кәсіптік білім базасында білікті жұмысшы біліктілігімен 120 кредит;

— техникалық және кәсіптік білім базасында орта буын маманы біліктілігімен 60 кредит.

Жалпы уақыт бюджеті пәндер (модульдер) циклдері бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің тиісті мамандығы бойынша жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандартта  көрсетілген нормативтерге жауап береді. Оқу жоспарларының құрамдас бөліктері, оқу процесінің кестесі, Оқу уақытының бюджеті, оқу процесінің жоспары, оқу пәндерінің (модульдердің) тізбесі және оларды оқытудың бірізділігі, оқу жүктемесі түрлерінің құрылымы, түрлері мен арақатынасы, аралық аттестаттаудың түрлері мен саны, Оқытудың нормативтік мерзімдері, қорытынды аттестаттаудың нұсқалығы осы мамандық бойынша ТжКБ ЖМББС үлгілік оқу жоспарларына сәйкес сақталған.

Қорытынды: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы        №604 бұйрығына сәйкес.
18.2 МЖМБС талаптарына сәйкес күндізгі оқу нысаны кезіндегі міндетті апталық оқу жүктемесін сақтау;
 Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығына сәйкес бір оқу жылындағы оқу уақыты 40 аптаны (1440 сағат) құрайды, демалыс, мереке күндері (резерв)– 1 апта, каникулдар 11 аптадан кем емес, оның ішінде қысқы кезеңде–2 апта. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі аптасына 36 сағатты қоса алғанда, аптасына 54 сағаттан аспайды. Оқу сабақтарының ұзақтығы 45 минутты құрайды.
Қорытынды: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрық нысаны білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес .
18.3 ТжКБ ОЖЖ және МЖМБС талаптарына сәйкес оқу жылының ұзақтығын сақтау;
 Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығына сәйкес оқу жылы 1 қыркүйектен басталады, 1 шілдеден кешіктірілмей аяқталады және 52 аптаны құрайды. Бір оқу жылындағы оқу уақыты 40 аптаны (1440 сағат) құрайды, демалыс, мереке күндері (резерв)– 1 апта, каникулдар 11 аптадан кем емес, оның ішінде қысқы кезеңде–2 апта. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі аптасына 36 сағатты қоса алғанда, аптасына 54 сағаттан аспайды. Оқу сабақтарының ұзақтығы 45 минутты құрайды.
Қорытынды:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрық нысаны білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес .

18.4 МЖМБС талаптарына сәйкес оқу уақытының көлемін сақтау.
Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығына сәйкес оқу уақытының көлемі әр оқу жылы үшін – 40 аптаны, оқу сабақтарының көлемі 45 минутқа тен .
Қорытынды:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрық нысаны білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес.

19.1 Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:
  Білім беру деңгейіне сәйкес білім беру бағдарламаларының мазмұнымен, базалық және кәсіптік құзыреттіліктермен айқындалатын білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын талаптарды сақтау (бағаланатын кезеңдегі білім алушыларды қорытынды аттестаттау хаттамаларының көшірмелері қоса беріледі);
 Білім алушыларды қорытынды  аттестаттау оқудың толық теориялық және практикалық курсын аяқтағаннан кейін, мамандықтың жұмыс оқу жоспарында белгіленген мерзімде кәсіптік практикадан өткеннен кейін жүргізіледі.

Қорытынды аттестаттау барлық мамандықтар бойынша мемлекеттік емтихан түрінде жүргізіледі.Білім алушылардың білімін өлшеу құралдары ретінде бес балдық жүйеге негізделген бағалау шкаласы болады.Қорытынды аттастаттау нәтижелерінің талдауы күндізгі оқыту бойынша талданатын барлық кезең үшін үлгерім 100% .

Емтихан комиссия өкілдері пікірінің қорытындысы бойынша колледж түлектері кәсіптік қызметке дайын екенін,кәсіби міндеттерді шешуде дербестік танытады, сондай-ақ теориялық бейінді практикалық қызметте қолдана алады.

Қорытынды аттестация комиссиясының құрамына кәсіпорынның білікті мамандары, арнайы пәндер оқытушылары, жұмыс берушінің өкілдерінің 65% қатынасында оқу орнын басқарудың алқалық органдары өкілдер және 35 % дауыс беру құқығынсыз хатшыны қоса алғанда колледж өкілдерін тұрады. Қорытынды аттестаттау бойынша  білім алушыларға нақты мамандыққа сәйкес диплом және біліктілігін растайтын санат беріледі.

Білім алушылардың қорытынды аттестаттау өту нәтижелері педагогикалық кеңестің отырысында қаралады.

Қорытынды аттестация материалдары әдістемелік комиссиясының отырысында қаралып, жұмыс берушілермен келісіледі және колледж басшысымен бекітіледі.

Аттестация қорытындысы бойынша комиссия өкілдері есеп құрады және онда: білім алушылардың осы мамандық бойынша дайындық деңгейін емтиханда пәндер немесе модульдің жеке сұрақтар дайындығында кемшіліктер ТжКБ мамандықтары бойынша білікті кадрларды даярлауда одан әрі жетілдіруге ұсыныстары көрсетіледі.

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191 болып тіркелген) Білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес білім алушыларды бақылау, ағымдағы, аралық және қорытынды аттестаттау ережесіне сәйкес өткізіледі.

2017-2018 оқу жылында кәсіптік даярлау деңгейін бағалау процедурасын 191 (100%) студент өтті.

2018-2019 оқу жылында кәсіптік даярлау деңгейін бағалау процедурасын 144 (100%) студент өтті.

2019-2020 оқу жылында кәсіптік даярлау деңгейін бағалау процедурасын 121 (100%) студент өтті.

2020-2021 оқу жылында кәсіптік даярлау деңгейін бағалау процедурасын 129 (100%) студент өтті.

Білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын талаптар ұлттық біліктілік шеңберінің, салалық біліктілік шеңберлерінің, кәсіптік стандарттар дескрипторларымен айқындалады және қол жеткізілген оқыту нәтижелерінен байқалатын меңгерілген негізгі құзыреттерді көрсетеді.

Дескрипторлар даярлаудың мынадай деңгейлеріне қол жеткізген кезде білім алушылардың қабілеттерін сипаттайтын оқыту нәтижелерін көрсетеді:

— білікті жұмысшы кадрларды даярлау кезінде: қойылған міндеттерге сүйене отырып, белгілі бір еркіндік үлесімен іс-әрекет жүргізу, базалық, жалпы білім беретін және практикаға бағдарланған кәсіби білімді қолдану, стандартты және қарапайым бір типті практикалық міндеттерді шешу, білім мен практикалық тәжірибе негізінде белгілі әрекет тәсілдерін таңдау, алынған нәтижелерді ескере отырып қызметті түзету;

— орта буын мамандарын даярлау кезінде: маңызды әлеуметтік және этикалық аспектілерді ескере отырып, басқалардың стандартты жұмысына басшылық жасау, өзінің оқуы мен басқаларды оқытуға жауапты болу, қызметті және практикалық тәжірибені жүзеге асыру үшін кәсіби (практикалық және теориялық) білімді қолдану, жұмыс жағдайын және оның болжамды өзгерістерін дербес талдауды талап ететін кең спектрдің типтік практикалық міндеттерін шешу, қызметті жүзеге асырудың технологиялық жолдарын таңдау, ағымдағы және қорытынды бақылау жүргізу, қызметті бағалау мен түзету.

 

Қорытынды:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрық нысаны білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес келеді.

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191 болып тіркелген) Білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес білім алушыларды бақылау, ағымдағы, аралық және қорытынды аттестаттау ережесіне сәйкес.

19.2 Бітіруші курстардағы білім алушылардың құзыреттілігіне қойылған талаптардың (базалық және кәсіби) оқу нәтижелерін бағалау немесе жалпы білім беретін пәндерді және (немесе) кәсіптік модульдерді немесе жалпы кәсіптік, арнайы пәндерді меңгеру деңгейін МЖМБС сәйкестігін бағалау (білім алушылардың білім сапасын, іскерлігін, дағдылары мен құзыреттерін бағалау ведомостарының көшірмелері, сонымен қатар осы Өлшемшарттардың 21 және 22-қосымшаларына сәйкес толтырылған кестелер, қоса беріледі).
 Білім беру бағдарламаларының мазмұны мамандықтар бойынша білім алушылардың біліктілік тізбесіне, біліктілік сипаттамаларына, міндетті компонент пәндерінің (модульдерінің) мазмұнына қарай мамандықтың ЖМББС-ға сәйкес қалыптастырылады.

Мемлекеттік аттесттау бойынша тест тапсыратын бітіруші топтарға 1401000 – Үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану мамандығы, 1401202 – Құрылыстың құрғақ әдіс жөніндегі маманы біліктілігі бойынша «Арнайы технология», «Материалтану» пәндері бойынша , 0508000 – Тамақтандыруды ұйымдастыру мамандығы, 0508022 – Кондитер біліктілігі бойынша «Ұн кондитер өнімдері технологиясы», «Келушілерге қызмет көрсету» пәндері бойынша, 1504000 – Фермер шаруашылығы мамандығы, 1504062 – Ауыл шаруашылық өндірісіндегі тракторшы-машинист біліктілігі бойынша «Ауыл шаруашылығы машиналары», «Трактор құрылысы ж/е техникалық қызмет көрсету» пәндері бойынша, 0901000 — Электр станциялары мен желілерінің электр жабдықтары (түрлері бойынша) мамандығы, 0901043 — Техник-электрик біліктілігі бойынша «Электр станциялар мен қосалқы станциялардың электр жабдықтары», «Энергожүйелерінің релелік қорғанысы және автоматикасы» пәндері бойынша, 08110300 – Жеміс-көкөніс шаруашылығы мамандығы, 3W08110304 – Жеміс өсіруші біліктілігі бойынша «Жас және жеміс салып тұрған бақта күтіп— баптау жұмыстарын орындау», «Жеміс бағын отырғызу бойынша жұмыстарды орындау» модулдері бойынша бақылау сұртақтары базасы құрылды. Тестік бағылаудын  қорытындылары колледж бойынша 91,15 %   құрады.

Ұжымның қызметі білікті мамандарды дайындау бойынша колледж миссиясына жету мақсатында білім беру бағдарламамаларын сапалы жүзеге асыруға бағытталған. Деңгейде жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламарын сараптау бойынша мүдделі тараптар мен серіктестік қатынастар құрылған.

Қорытынды:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрық нысаны білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес .

20 Оқу мерзіміне қойылатын талаптар: МЖМБС талаптарына сәйкес білім беру бағдарламаларын меңгеру мерзімдерін сақтау.
 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрық нысаны білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының 1,2 қосымшаларында көрсетілгендей оқу уақытының көлемі білікті жұмысшы кадрлар үшін негізгі орта білім негізінде 2 жыл 10 ай. Кредитік-модульдік оқыту технология бойынша білікті жұмысшы кадрларды бір біліктілік шеңберінде дайындау кезінде, негізгі орта білім беру негізінде міндетті оқу уақытының көлемі 120 кредит /1 жыл 10ай, жалпы орта білім беру негізінде 60 кредит/10 ай көлемінде оқытылады.

 

Қорытынды:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрық нысаны білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес .

 

 

Колледж тарихы – жастарға тағылым

Жалағаш индустриалды-аграрлық колледжінің жарты ғасырдан астам уақыт тарихы бар, ұлттық дәстүрі қалыптасқан өмір мектебінен өткен жас мамандар ұясы. Сыр бойындағы жұмысшы мамандарын даярлауға  бірыңғай бет бұрған алғашқы білім ордаларының бірі де бірегейі  — осы оқу орны.

Қызылорда облысының білім басқармасының «Жалағаш индустриалды-аграрлық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының тарихында колледж атауы төмендегідей өзгерістер алды:

  • 1959 жылы №150 кәсіптік техникалық училище
  • 1984 жылы №15 кәсіптік техникалық мектеп
  • 1998 жылы №3 кәсіптік мектеп.Облыс әкімінің 17.11.1997 жылғы №212-шешімі.
  • 2009 жылы №3 кәсіптік лицей. Қызылорда облыс әкімдігінің 2008 жылғы 25.12. №238-қаулы
  • 2012 жылы «Жалағаш индустриалды-аграрлық колледжі» мемлекеттік мекеме Қызылорда облыс әкімдігінің 2012 жылғы 07.08. № 527-қаулы
  • 2013 жылы «Жалағаш индустриалды-аграрлық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын Қызылорда облысы әкімдігінің 2013жылғы 30.12. № 435-қаулы

Әр жылда колледжді бітірген, атағы шыққан, басшылық қызметте жүрген колледждің түлектері көптен саналады, атап айтқанда:

  1. ЕлеусіновТұршабек – Социалистік Еңбек Ері.
  2. БалғабаеваАйнаш – Жоғарғы Кеңес депутаты.
  3. Мұстафаев Садық – Облыстық спорт басқармасы бастығы.
  4. ӘбдіхалықовТұрлыбай – Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.
  5. Шонықов Болат – Облыстық финанс полициясы полковнигі.
  6. Тәуіпбаев Ислам – Шиелі ауданы прокуроры.
  7. Бекішов Құдайберген – Республикаға белгілі әнші.
  8. Құлмахан Қожантай – Жалағаш кенті әкімі.
  9. Жаханова Ботагөз – адандық маслихаттың Аппарат басшысы.
  10. Өлментай Қайрат – Қараткеткен ауылы әкімі.
  11. Ғазизов Бауыржан — Белгілі механизатор, 1988жылы аудан чемпионы және т.б. егеменді елге абыройлы  қызмет  етуде.

«Жалағаш индустриалды-аграрлық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын 1959 жылы облыс бойынша агроөнеркәсіп кешеніне ауылшаруашылық мамандарын дайындауға №150 (УМСХ-150) кәсіптік техникалық училище болып құрылған.  Училищенің алғашқы директоры болып  К.Назарқұлов  тағайындалды.  Орынбасарлары А.Огай, Т.Есниязов, С.Иманғалиевтар, бас есепші Н.Дайрабаева,кассир Р.Нұрғалиева, оқытушылар Т.Көздібаев, Мұнарбаев, Жаппасбаев, А.Әбенов, Қ.Қуанышбаева,өндірістік оқу шеберлері Ж.Төлегенов, Ш.Тырықбаев, Ә.Нұрғалиев, Д.Құрманбаев, Қ.Жанақовтар еңбек етті.

Алғашқы жылдары училищеде 5 дана ДТ-54 шынжыр табанды, 2 дана МТЗ –доңғалақты трактор, 3 дана комбайн, 2 дана Газ-51, 1 дана ЗИЛ автомашинасы және аз ғана соқа-сайман болды. Сол жылдары аудан колхоздарынан келген 120 жас 6 айлық курста оқыды. Сонымен қатар училище келісімшартпен облыс көлеміндегі шаруашылықтарға да мамандар даярлады.

1963 жылы училище директоры болып Тасыбаев Болтай  келді.Училищеде көркейту-көгалдандыру жұмыстарынан бастап, жаңа оқу корпусы, гараж, шеберхана, клуб, асхана салынды. Келісімшартқа отырып,  колхоздар мен совхоздардың күзгі егін жинау, көктемде жер жырту, мал төлдету, жазда мал азығын дайындауға өз техникасымен, адамымен үнемі көмектесіп отыруды әдетке айналдырды. 1964 жылы училищеде оқу полигоны жасалды, оқушылар техника тілін сол полигонда үйрену мүмкіндігіне ие болды. Кезінде бұл полигон Республикалық жабық конкурста 1 орын алған. Училищеде оқу полигонының жұмыс істеуі  оқу-тәрбие жұмысының дамуына бет бұрыс болды. Бұл уақытта елімізде «Тың» өлкесінің ұранға айналып тұрған кезі еді. Училищеде мамандар даярлау үшін үкімет қаулысына сәйкес, Россиядан, Украинадан, Белоруссиядан тек қана 1962 жылдың өзінде  150 жас жігіт білім алып, олар Тыңға жолдама алды. 1963 жылы училище Павлодар, Көкшетау, Қостанай, Ақмола облыстарымен келісімшартқа отырып,  айналасы 2-3 жылда 640 оқушы оқытып Тыңға жолдама берді.  9 ұлттың өкілі оқыған осы кезең  училище өмірінде халықтар достығының бір белесі ретінде орын алады.

1967 жылы «Тұрымбет» бөлімшесінен 500 гектар жер алынып,  алғашқы оқу шаруашылығы құрылды. Оқу шаруашылығында бақша өнімдерімен қатар күріш егілді. 1968 жылы 50 гектар жерге «Дубовский-29» тұқымды күріш егіліп, әр гектардан 45 центнерден өнім жиналса, басқа өнімдерінен басқа 2000 байлам сыпырғыш дайындалды. Оқу шаруашылығына Тайбасаров, Ш.Күзенбаевтар басшылық жасады. Аудандық партия комитетімен келісе отырып алынған күріш өнімі «Аққұм» созхозына тұқымға сатылып, училищеге 53000 сом пайда келтірілді.

1963 жыл мен 1975 жылдар аралығында механизатор мамандығымен қатар тігін машинасының шеберлері, шопан-механизатор мамандары дайындалды. Алғаш рет көркемөнерпаздар үйірмесі ұйымдастырылды. Осы ұйымдастырылған мәдени-көпшілік шаралардың  белсенді ұйымдастырушылары болған директордың сол кездегі орынбасары қызметін атқарған Т.Әбуов, С.Әлиев, Ш.Күзенбаев, Қ.Тәттібаев, Жайлыбаевтар  еді. Көркемөнерпаздардың бұл тобын жарыстарға дайындауға домбырашы К.Айтжанов, әнші У.Ахметова, оқытушы Қ.Сапабеков басшылық жасады. Кейін бұл үйірме ауыл азаматтары Ж.Сарбалаев, Ж.Аққұловтардың ұйымдастырылуымен «Жас қанат» ансамблі болып қайта құрылды. Осы кезеңдерде училищеде абыройлы еңбек еткен оқытуш- шеберлер: Ә.Қошқаров, С.Құланбаев, Козлов, аға шеберлер Кан, К.Сапабеков, К.Аппазов, Глазов,Т. Көздібаев, Е.Асқаров, О.Алтынбаеев, Б.Сламов, А.Орынбеков, Ж.Енсепбаева, Ә.Омаров, М.Цой, К.Ақмағамбетов, Р.Есетов, К.Илиясов, Ш.Бақтыбаев, С.Балабаев, С.Оспанов, Б.Қарақұлов, Т.Дүйсекеновтер болды. Ф.Қойлыбаева кадр бөлімін басқарды, есепші Қараева болды.

Өздерінің жемісті еңбегінің нәтижесінде  директордың орынбасары Т.Көздібаев «Қызыл Ту» орденімен, өндірістік оқу шебері К.Ілиясов «Еңбектегі ерлігі үшін» медаліменоқытушы Ж.Енсепбаева «Қаз ССР кәсіптік білім беру үздігі», аға шебер К.Ақмағанбетов «СССР Кәсіптік білім беру жүйесінің үздігі» белгісімен марапатталды. Ал өндірістік оқу шебері Т.Дүйсекенов облыста, республикада өз салмағы бойынша еркін күрестен чемпион атанды.

Училище  1968 жылы 2 жылдық, ал 1972 жылы 3 жылдық болып қайта құрылды.

1975 жылы училищенің директоры қызметіне М.Абдазиев тағайындалды. Училищеде кеңейтілген оқу базасына сәйкес оқушы саны 2 есеге жуық көбейді. Соған сәйкес жалпы және арнайы пән оқытушылары мен шеберлері саны да көбейді. Осы кезенде директордың орынбасарлары болып Е.Асқаров, Т.Қыстаубаев, К.Жақанов, А.Баймаханов оқу шаруашылығына басшылық жасаған Ж.Дәуітов, оқытушылар К.Оспанов, К.Магамедияров, С.Нартаева, Т.Қаражігітов, Т.Тауманов, М.Наурызбаев, Ш.Кенжебекова, Қ.Мақуова, Н.Тоқтыбаев, Б.Есниязов, К.Ахметбеков, шеберлер С.Жалғасов, Ж.Уақбаев, Б.Мәжиев, Т.Тасжанов, Б.Садуақасов , Ә.Қазбеков, кітапханашы болып Д.Байнаева, есепші М.Ташпенбетова, кассир Р.Қылышбаева, техник қызметкер Байқадамова болды.

1982жылы  мамандығы жағынан инженер-механик Асанов Тұрмағамбет директор болып тағайындалды. Бұл жылдары училищеде техника саны артып, оқу-материалдық база кеңейіп,  10 шынжыр табанды, 7 доңғалақты, 2 бульдозер, 1 эксковатор, 2 К-700, 8 автомашина, 2 астық комбайыны, 1 арнайы комбайын, 5 соқа, 4 сеялка,              2 астық тазалағыш жұмыс істеді. Ал 1984 жылы желтоқсан айында училищенің 25 жылдық тойы жоғарғы деңгейде тойланды.

Бұл жылдары оқу-тәрбие жұмысы елеулі қарқынмен дамыды. Әсіресе, оқушылардың техниканы меңгеруі айтарлықтай жақсы нәтиже берді. Сол кездерде директордың орынбасарлары Т.Қыстаубаев, Т.Бекжанов, Н.Жанасбаева, аға шебер Б.Садуақасов, оқу шаруашылықтарын басқарған П.Жапақовтар қызмет атқарды. Училище көптеген жас мамандармен толықты. Оқытушылар К.Әбілқасымова, Ә.Әбдібеков, Ж.Иманғалиева, Г.Ергалиева, Б.Маханова, Г.Смағұлов, Ә.Молдабаев, М.Смайлов, Б.Уызбаев, Г.Бишенова, С.Ешпановтар, шебер Б.Жұбанова, Ж.Теңелова, К.Мамбетова, С.Алданазарова, Қ.Нәбиев, Ғ.Серікбаев, С.Жанибеков, механик С.Күнболов, С.Дүйсекенов, К.Тасымовтар болды.

1980 жылы аға шебер Б.Садуақасов «Қаз.ССР кәсіптік-техникалық білім беру жүйесіне еңбек сіңірген қызметкер» деген атағын алды.

1986 жылы директор болып Рысбай Кәрімов келді. 1986-1987-1996 жылдар аралығында училищеде кең көлемді тракторист-машинист, автомобиль жүргізушісі, сылақшы-тасқалаушы, электр және газбен дәнекерлеуші және автомобиль жүргізушісі, село электригі, аспазшы, ІІІ класты тракторист, «С» категориялы автомобиль жүргізушісі,              «К-700» тракторының жүргізушісі, колөнер шебері, фермер мамандығы бойынша барлығы 10 түрлі мамандық бойынша оқытылды. Училищеде жалпы және арнайы білім беретін пәндер әдістемелік бірлестігі жұмысы және өндірістік оқі шеберлерінің әдістемелік бірлестігі жұмыс істеді (бірлестік жетекшілері Т.Қаражігітов, Қ.Қосжанов, Ғ.Әлімбет). Осы жылдары училищеде 32 оқытушы жұмыс істеді. Оның ішінде 2 жоғары категориялы оқытушы (Т.Қаражігітов, Т.Шоңбаев), бірінші категориялы-18, екінші категориялы -8, өндірістік оқу шебері -44, оның ішінде бір жоғары категориялы шебер (Ғ.Әлімбет), бірінші категориялы -5, екінші категориялы -8, 25 оқу кабинеті, 5 шеберхана, 150 орындық жатақхана және асхана жұмыс істеді. Оқушылар киіммен, тамақпен, шәкіртақы- мен қамтамасыз етіліп отырды. Асханаға Т.Аяпова басшылық жасады, аспазшылар Р.Тлеумбетова, Д.Дәулетовалар болды. 1995 жылы училищеде коммерциялық құрылым жұмыс істеп, оған Ә.Ерғалиев басшылық жасады.

1997 жылдары оңтайландыру саясаты мен нарық қыспағы училищеге де салқынын тигізбей қойған жоқ . Нәтижесінде оқушылар қабылдау 6-7 есеге дейін азайды. Тек 1997 жылдың өзінде 1-курсқа 26 ғана оқушы қабылданды. Соған байланысты шеберлер мен оқытушылар қысқарып, барлық курстар жабылды. Осы 1986 жылмен 1998 жылдар аралығында училище директорының орынбасары болып Т.Қыстаубаев, Т.Бекжанов, Ә.Әбдібеков, Н.Жанасбаева, бас есепші Ш.Рсаева, кассир А.Сүлейменова, есепші Х.Аяғанова, оқытушылар К.Оспанов, З.Салықбаев, С.Досболов, Ш.Айбосынов, Ж.Сайманов, А.Заркумова,Г.Қаппарова, С.Оралбаева, Қ.Қыстаубаев, Ғ.Серікбаев, Қ.Қосжанов, Е.Құлмахановтар, шеберлер Ж.Әбдірахманов, Е.Төлепбаев, У.Пірманов, А.Бердімұратов, Ш.Бөленбаев, Ж.Тайшаев, Д.Тұржанов, С.Уалиев, механик Ә.Садуанов, Н.Жақсылықов, С.Жүсіпов, С.Балымбетов, клуб меңгерушісі Ә.Демеуов, кітапханашы А.Балдақова, техник қызметкерлер А.Шарапатова, Р.Байжанова, А.Тұрмағамбетова, Н.Әуелбекова, С.Айтбаева, К.Смағұлова, А.Алдажаровалар болды. Осы жылдары училищеде Р.Рыспамбетова, Ұ.Абдрахмановалар кадр бөлімінде басшылық жасады. Директордың орынбасары Т.Қыстаубаев Облыстық атқару комитетінің «Құрмет грамотасымен» марапатталады.  Н.Жанасбаева, Ә.Әбдібеков, К.Мақуовалар «Қазақ ССР кәсіптік білім беру жүйесінің үздігі» белгісімен, ал алғашқы әскери даярлық пәнінің оқытушысы Т.Шоңбаев Білім және Мәдениет Министірлігінің  «Құрмет Грамотасымен» марапатталады.

Қызылорда облыстық білім департаменті болып қайта құрылуына байланысты училище №3 кәсіптік-техникалық мектеп болып қайта құрылды.

1998 жылы  №3 кәсіптік-техникалық мектепке  директор болып Әлібек Нұрмағанбетов келді.Осы жылы оқу шаруашылығына 411 гектар жер алынды. Оқу шаруашылығына Т.Берлібеков басшылық етті. Директордың мамандыққа дайындау жөніндегі орынбасары Ә.Ерғалиев, оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ә.Әбдібеков болды.

2000 жылы Кеңес Сералиев директор болып тағайындалды.  Мектептің оқу-материалдық базасын одан әрі нығайта отырып, мектепте «Аспазшылар зертханасын», «Электргазбен дәнекерлеуші» зертханасын ашты. Соның нәтижесінде мектеп оқушылары мамандықтарына сәйкес лабораториялық жұмыстары осы зертханаларда өткізілді. Бұл жұмыстарды ұйымдастыруда директордың орынбасары Ә.Ерғалиев, аға шебер М.Наурызбаев, өндірістік оқу шеберлері А.Шідербаева, Н.Есжановтар елеулі үлес қосты. Соңғы бес жыл көлемінде мектеп «Тамақтандыруды ұйымдастыру» және «Электромонтер» мамандықтары мен толықтырылды.

2002 жылы 14 тамызда директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Әбдібеков Әбдіғани Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі Құрмет Грамотасымен марапатталды.

Кәсіптік мектеп оқу ғимаратына қомақты қаржы бөлініп, ол күрделі жөндеуден өткізілді.

Кәсіптік мектепке толық комплект компьютерлік сынып алынды, оқу кабинеттері уақыт талабына сай қайта жабдықталды.

2008 жылы кәсіптік мектепке толық комплект музыкалық аппаратура, оның ішінде қосымша 1 компьютер, цифлық бейнекамера, фотоаппарат, бейнепроектор  алынды.

Осы кезеңде директордың мамандыққа дайындау жөніндегі орынбасары Б.Шәменова,  оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ә.Әбдібеков , әдіскер Г.Тұрсынбаева, бас есепші К.Байманова, шаруашылық жөніндегі көмекшісі Қ.Тілеумбетов болды.

2009 жылдың  1 наурызынан бастап кәсіптік мектепке кәсіптік лицей деген статус берілді.

Осы жылы Ел президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауынан туындайтын «Жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарлама негізінде 50 оқушы ІІІ курсты «Тракторист-машинист» 2 айлық , 50 оқушы «Құрылысшы» (Тас қалаушы1 айлық) мамандығы бойынша бітіріп шықты.

Жоғарыда айтылған бағдарлама бойынша «Тамақтандыруды ұйымдастыру» (Аспаз) 25 оқушы, «Газэлектрдәнекерлеуші» мамандығы бойынша 25 оқушы 10 айлық курсқта оқып білім алуда, сонымен қатар 25 оқушы ІІІ класты «Тракторист-машинист» 2 айлық курс, 25 оқушы құрылшы (тасқалаушы – 1 айлық курс) бітірді.

2010 жылы М.Еспанов директор болып тағайындалды.  Бұл жылдары  директордың өндірістік оқу жұмыстары жөніндегі орынбасары Б.Шаменова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ә.Әбдібеков, әдіскер Г.Тұрсынбаева, директордың шаруашылық жұмыстары жөніндегі көмекшісі Қ.Тілеумбетов, аға шебер Р.Таурбаева, бас есепші Н.Уақбаевалар қызмет атқарды.

2011 жылы «Жаңадария « елді мекенінен 10 га жерге көкөніс бақша егу үшін жер алу мәселесі шешімін тауып, оған көкөніс – бақша өнімдері  егілді. Бұхарбай батыр ауылынан барлығы 25 га жерге күріш егілді. Оның игілігін ұжым мүшелері көрді. Лицей территориясын абаттандыру, көркейту-көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, көкөніс сақтайтын қойма жасақталды. Кәсіптік лицейдің кіре берісіне жаңа дарбаза  орнатылды. Оқу кешенінің айналасына гүлзарлар егіліп, қайта безендірілді.

2012 жылы  Жалағаш индустриалды-аграрлық колледжі оқушы контингенті 13 оқу тобында 293 оқушы оқыды. 15 оқу кабинеті, 5 зертхана, 2 шеберхана 1 оқу полигоны  болды. Лицейде 25 оқытушы, 22 өндірістік оқу шебері техник қызметкерлерін қосқанда 85 адам жұмыс істеді. Сонымен қатар информатика кабинеті қайта жасақталып 25 дана компьютер, 3 оқу кабинетіне 3 дана интерактивті тақта алынып берілді.Барлық оқу кабинеттер уақыт талабына сай қайта жабдықталды, көркемдік жетекшіге музыкалық студия алынып берілді.

2012-2013 оқу жылы ішінде «Газэлектрдәнекерлеуші» оқу зертханасына дәнкерлеуші тренажері, дәнекерлеуші машинасы МТВР-19053 және құрал жабдықтары толығымен, «Электромонтер» оқу зертханасына электромонтаждау комплект және құрал жабдықтары толығымен, «Ауылшаруашылық трактор-машиналары» оқу зертханасына автотренажер-1комплект, тренажер-эксковатор-1комплет және т.б. құрал-жабдықтар, «Аспаз» оқу зертханасының негізгі құрал-жабдықтары, «Құрылысшы» оқу зертханасының негізгі құрал-жабдықтары алынды.

   2014 жылдың мамыр айында колледждің басшысы қызметіне Серікбаев Ғани Карбозұлы келді.

Осы жылдары  директордың өндірістік оқу жұмыстары жөніндегі орынбасары Б.Шаменова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Тұрсынбаева,директордың оқу жұмыстары жөніңдегі орынбасары М.Б.Кенжегулова, аға шебер Б.Абдраманов, директордың шаруашылық жұмыстары жөніндегі көмекшісі А.Ишанбеков, әдіскер Р.Таурбаева, бас есепші Н.Уақбаевалар қызмет атқарады.

Колледжің балансына берілген бұрынғы әуез мектебінің ескі ғимаратын 50 орындық жатақхана жасау мақсатында  сол ғимаратты ағымдағы жөндеуден өткізу, құрал-жабдықтар, жиһаздар алу, жатақханаға қажетті тиісті штат мәселесін шешу қолға алынып, барлық атқаруға тиісті жұмыстар толығымен аяқталып, 2017-2018 жаңа оқу жылына пайдалануға берілді.Студенттерге барлық жағдайлар жасалынған. Сонымен қатар  ІІ қабатты бұрынғы ескі оқу ғимаратын ағымдағы жөндеуден өткізу жұмыстары да толық аяқталып, жаңа оқу жылына пайдалануға берілуі арқылы оқу жүйесін жүргізу кабинеттік жүйеге көшірілді.

2015 жылы ІІІ қабатты оқу ғимаратына 20 млн теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, барлық ескі терезелер жаңа пластик терезелерге ауыстырылды. Оқу кешенінің кіре беріс алды жаңартылды. Жылу жүйесі толығымен қалпына келтіріліп, жану қазандығы қайта ауыстырылды. Сонымен қатар «Жалағаш жолдары» мекемесі арқылы        1млн760 мың теңгеге оқу ғимаратының алдындағы жол асфальтталып, бордюрлері ауыстырылды.

Колледж ауласында арнайы есепшотқа түскен қаражат есебінен,тозығы жеткен құлап апатты жағдайда тұрған клуб,асхана заңға сәйкес құжаттары рәсімделіп бұзылып орнына инженер-педагогтердің күшімен жазғы спорт алаңы, теннис залы жасалды. Қазіргі кезде жазғы спорт алаңында дене тәрбиесі сабағы және әртүрлі спорттық жарыстар өткізілуде.

Сонымен қатар, Біріккен ұлттар ұйымының Қызылорда облыстық өкілдігінің «ПРООН» гранты негізінде берілетін жылыжай салу жоспарланған болатын, атқарылуға тиісті жұмыстар үйлестіріліп, әр түрлі көкөніс, бақша өнімдері және гүлдер отырғызылып, күтіліп бапталуда.

Негізгі оқу ғимараты мен спорт алаңына дейінгі жолға колледждің үнемделген қаражат есебінен асфальт төселінді.

Оқу кабинеттеріне ақпараттық ресурстарды жандандыру мақсатында 3 видеопроектор, 3 экран алынып пайдалануға берілді.

Қазіргі таңда колледждің кітап қоры 13086 дана. Арнаулы және жалпы пәндеріне  2016 жылы -28 дана кітап, 2017 жылы-272 дана кітап, 2018 жылы -146 дана кітап  және 27 электронды оқулықтар алынған. 2020 жылы жаңартылған білім беру негіздеріне сай оқыту мақсатында колледж кітапханасына  1млн 200 мың теңгеге  951 дана кітап сатып алынды.

Инженер-педагогтардың білімдерін жан-жақты жетілдіру арқылы Кәсіпқор холдингі қолдауымен оқытушылардың білімдерін жетілдірді. 7 инженер-педагогтар Минск қаласында тағлымдамадан және 1 арнаулы пән оқытушы  Шотландия мемлекетінің Глазго қаласында халықаралық дәрежеде тәжірибе алмасты.

2018 жылы колледж оқытушылары оқу орындарының оқу жетістіктерін сырттай бағалау,Мемлекеттік аттестаттау,Мемлекеттік институционалдық аккредиттеу аясында сыртқы аудит жүргізілуіне сәйкес сарапшылар тобының жұмысына және ҰБТ өткізуге ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілі ретінде қатысты (Барлығы: 3 оқытушы).

Оқытушылар ізденімпаздығын,білік,білім,шеберлігін байқау мақсатында көптеген іс-шараларға қатысады. «Үздік арнаулы пән оқытушысы — 2018» облыстық байқауы жүлдегерлері — 3 оқытушы. «Үздік жалпы пән оқытушысы  — 2018» — 2 оқытушы. «Үздік өндірістік оқыту шебері – 2018» — 3 шебер. «Үздік топ жетекшісі – 2017» — 3 оқытушы.

2015-2016 оқу жылы Техникалық және кәсіптік білім мекемелерінің білім алушылары арасында өткізілген «WordSkills Kazakhstan» облыстық чемпионатында «Аспаз» саласы бойынша «Алғыс хатымен» № 80 тобының студенті Шапағат Жеңіскүл, 2016-2017 оқу жылы № 50 тобының студенті Байсақал Бекжан ІІ дәрежелі дипломмен, 2017-2018 оқу жылы № 89 тобының студенті Әбушеева Фариза ІІІ дәрежелі дипломмен, 2018-2019 оқу  жылы №98 топ студенті Карибаева Әсем «Кондитер» біліктілігі бойынша ІІ дәрежелі дипломмен,2019-2020оқу жылында  №94 топ студенті Беркімбай Ақниет «Аспаз» біліктілігі бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен, № 11 топ студенті Серікбай Зиба «Кондитер» біліктілігі бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен, 2020-2021 оқу жылында   № 11 топ студенті Серікбай Зиба «Кондитер» біліктілігі бойынша ІІ дәрежелі дипломмен  марапатталды.2020 оқу жылы АТҚО –дан Колледж институционалдық аккредиттеуден өтті.

2021 жылы колледжде атқарылуы тиіс жұмыстардың нақты жоспарына сәйкес Жалағаш индустриалды – аграрлық колледжі «Жас маман» жобасы бойынша 180 колледж қатарына енді.

«Жас маман» жобасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті                                 Н.Ә.Назарбаевтың   2019 жылғы 23 қаңтардағы Жастар жылының салтанатты ашылу рәсі-мінде берген тапсырмасына сәйкес әзірленді.

«Жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР       Үкіметінің қаулысымен «Жас маман» жобасы іске қосылды.

Жобаның мақсаты 180 колледжді және 20 жоғары оқу орнын 100 аса талап етілетін мамандықтар бойынша жаңғырту және білікті мамандарды даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізу болып табылады.

2021 жылы колледжге Республикалық бюджетінен қаралған қаржы 439 300 000 теңге

100/200 қағидаты бойынша «Жас маман» жобасы шеңберінде еңбек нарығында      сұранысқа ие болған Жалағаш индустриалды  аграрлық колледж мамандықтары:

1.1504000 – «Ферма шаруашылығы»  1504062 – «Ауылшаруашылық өндірісіндегі тракторшы – машинисі»

  1. 0508000 – «Тамақтандыруды ұйымдастыру» 0508012 – «Аспаз»

«Жас маман» жобасымен  Күріш жинайтын комбайн «CLAAS Lexion 7600» , Тыңайтқыш сепкіш, Шөп тайлағыш, Күріш жинағыш, Тиегіш-экскаватор АNT 2321, Трактор Landini Powerfarm 110, Трактор JOHN DEER 6195M, Тренажер-жаттықтырғыш JOHN DEER, Айналмалы соқа, Майдалағыш-турағыш машина, Электрлі плита, Көкөніс турағыш Robot Coup, Мұздатқыш «Бонета ларь», Электрлі еттартқыш, Еңбек қауіпсіздігінің жаттықтырғыш тренажері, Қамырилегіш алынып, колледж студенттерінің  тәжірибе жұмысын өнімді орындап, мамандықты терең игеруі үшін жан-жақты жағдай жасалды.

2021 жылы Серікбаев Ғани Карбозұлы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрінің «Ы.Алтынсарин»төсбелгісімен мараппаталды.

 

Сонымен қатар колледждің ауласындағы ескі қоршауларды жаңарту және негізгі оқу ғимаратының сыртқы ағымдағы жөндеуден өткізу үшін күрделі жөндеу 397 миллион  тенге  қаражатына  4200 мыңға смета жасалып, облыстық бюджеттен тиісті қаражат сұралуда.

Жалағаш индустриалды-аграрлық колледжі әкімшілігі инженер-мұғалімдер ұжымымен бірге қазіргі өскелең уақыт талабына сай студенттерге мамандық негізінде сапалы білім, саналы тәрбие беру мақсатында жүйелі жұмыстар атқара беретін болады.